Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Shakarim University Қытайдың Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің магистранттар тобын қуана қабылдаған болатын. Бір оқу семестріне арналған сапар қонақтар үшін де, университет үшін де маңызды болды. Қадірлі қонақтар жылы шыраймен қарсы алған университет ұжымына алғыстарын білдірді. Сапар кезінде Қазақстанның білім беру процесі мен мәдениетіне терең бойлауға бағытталған түрлі мәдени-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қонақжайлылық пен достықтың белгісі ретінде университет басшылығы қытайлық студенттерге брендтік және ұлттық кәдесыйларды сыйға тартты. Бұл сыйлықтар тек мейірімділікті ғана емес, екі елдің оқу орындары арасындағы мәдениетаралық байланысты нығайтуға деген ұмтылысты да бейнелейді. Кәдесыйлар студенттерге Шәкәрім шаңырағында өткізген уақыттары туралы жақсы естеліктерді сақтауға көмектесері анық.
Магистранттармен алмасу халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және студенттерді халықаралық білім беру ортасында кәсіби және жеке қасиеттерін дамыту мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуге бағытталған университеттің жаһандық бастамасының бөлігі.
Қытайлық магистранттардың сапары – табысты халықаралық ынтымақтастықтың жарқын мысалы. Shakarim University білім мен мәдени алмасуға ашық оқу орны ретіндегі беделін тағы бір мәрте растады. Бұл тәжірибе университеттер арасындағы болашақ алмасулар мен бірлескен жобалар үшін ұзақ мерзімді серіктестік пен шабыттың бастауы болады деп сенеміз.
----------------------------------------------------------------------
КИТАЙСКИЕ МАГИСТРАНТЫ ЗАВЕРШИЛИ СЕМЕСТР ОБУЧЕНИЯ ПО В SHAKARIM UNIVERSITY
В рамках программы академического обмена Shakarim University с радостью принял группу магистрантов из Северо-Западного университета сельского и лесного хозяйства Китая. Посещение, рассчитанное на один учебный семестр, стало значимым событием как для гостей, так и для принимающей стороны. Магистранты из Китая, привыкшие к жизни в городе и учебе в Shakarim University, выразили благодарность руководству вузу за теплый и дружественный прием. В ходе их пребывания были организованы различные культурные и образовательные мероприятия, направленные на глубокое погружение в учебный процесс и культуру Казахстана.
В знак гостеприимства и дружбы руководство университета подарило китайским студентам мерч вуза и национальные сувениры. Эти подарки символизировали не только радушие, но и желание укрепить межкультурные связи между учебными заведениями двух стран. Сувениры, отражающие культурное наследие Казахстана, помогут студентам сохранить теплые воспоминания о времени, проведенном в Shakarim University.
Обмен магистрантами является частью глобальной инициативы университета, направленной на расширение международного сотрудничества и обеспечение студентов возможностями для развития профессиональных и личностных качеств в международной образовательной среде.
Посещение китайских магистрантов стало ярким примером успешного международного сотрудничества и подтвердило репутацию Shakarim University как учебного заведения, открытого к новым знаниям и культурному обмену. Надеемся, что этот опыт станет началом долгосрочного партнерства и вдохновением для будущих обменов и совместных проектов между университетами.