Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі22 қаңтар 2022

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХЫНДА БІРІНШІ РЕТ ҚАТАРЫНАН 7 ҰСТАЗ «ҮЗДІК ОҚЫТУШЫ» АТАНДЫ

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» байқауының 2021 жылдың мықтылары анықталды. Аталған байқаудың үздіктер қатарында Шәкәрім университетінің 7 педагогы бар.

  • Жолымбаев Оралтай - физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент;
  • Какимов Айтбек - техника ғылымдарының докторы, профессор;
  • Беленко Оксана - психология ғылымдарының кандидаты;
  • Актанова Айман -филология ғылымдарының кандидаты;
  • Атантаева Бақыт -тарих ғылымдарының докторы;
  • Касымов Асқар -қауымд.профессор м.а., PhD;
  • Кливенко Алексей -қауымд.профессор м.а., PhD.

Конкурсқа еліміздің 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер қатысты. Білімдері мен біліктіліктері басым болған сапта осылайша университетіміздің 7 оқытушысы өз ортасынан озық бола білді. Байқау – профессор-оқытушылардың ғылыми-педагогикалық қызметі, сапалық-сандық көрсеткішіне сәйкес бағаланған.

 Қара шаңырағымыздың үздіктерін шын жүректен құттықтаймыз!