Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі23 қараша 2023аккредитация, имидж вуза

ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ АККРЕДИТТЕУ ЖҰМЫСЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде институционалды аккредиттеу жұмысы басталды. Аккредитация ARQA агенттігімен өткізілуде. Институционалды аккредиттеу – әрбір жоғары оқу орны үшін сыртқы бағалаудың маңызды формасы.
Аккредиттеудің бірінші күнінде сарапшылар тобы университет басшысымен, басқарма мүшелерімен, ББ жетекшілері және бөлім басшыларымен сұхбат жүргізіп, материалдық-техникалық база жағдайымен толық танысты.
Сарапшылар тобының төрағасы – Астана халықаралық университетінің бірінші вице-президенті, биология ғылымдарының докторы, профессор Анар Мырзағалиева.
Сарапшылар:
• Анкараның Йылдырым Беязит университетінің профессоры Сейт али Авджу;
• Қырғызстанның «Сапаттуу билим» агенттігінің директоры Парида Бостонова;
• Торайғыров университетінің Computer Science факультетінің деканы Нұрлыбек Испулов;
• Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Физикалық және экономикалық география кафедрасының доценті м.а. Айгүл Егинбаева;
• «KondiZ distribution» ЖШС бірінші санаттағы технологы Жанара Мусабекова;
• Alikhan Bokeikhan University «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» ББ 4 курс студенті Алия Абдыгалиева.