Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 қаңтар 2024топ-10, білім беру бағдарламалары

SHAKARIM UNIVERSITY 21 ББ «АТАМЕКЕН» ҰКП РЕЙТИНГІНДЕ ЖЕТЕКШІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Университеттегі оқу сапасын сырттай бағалау маңызды рөл атқаратыны мәлім. Осы орайда, бәріміз «Атамекен» ҰКП рейтингі нәтижелерін асыға күтеміз, себебі бұл рейтинг жоғары сапалы оқыту мен түлектердің еңбек нарығы сұранысының айғағы болып табылады.
2023 жылғы «Атамекен» ҰКП рейтингінің нәтижелері бойынша Shakarim University 38 ББ-ның 21-і республика бойынша ТОП-10-ға енгенін хабарлағымыз келеді.
Бұл ретте 4 ББ рейтингті бастап тұрса (1 орын), 4 ББ – 2 және 3 - 3 орынға ие болды.
Бұл көрсеткіш Shakarim University соңғы уақытта қол жеткізген сапаны сыртқы бағалаудың барлық жоғары нәтижелерін растайды: 7 жылға институционалдық аккредиттеу, UI Green Metric World University Ranking 2023 жылы отандық жоғары оқу орындары арасында 9-орын және т.б.
Университет ұжымын тағы бір жетістікпен құттықтаймыз!