Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 желтоқсан 2023профессор-оқытушылар құрамы, аккредиттеу, нәтиже

SHAKARIM UNIVERSITY ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДЕН 7 ЖЫЛҒА ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 23-25 қараша аралығында Shakarim University «ARQA» білім сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінің институционалдық аккредиттеу рәсімінен өткен болатын. Нәтижесінде Shakarim University 7 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуден өтіп, білім беру стандарттары мен оқыту сапасының жоғары деңгейін көрсетті.
Бұл жетістік - университеттің академиялық үстемдікке, инфрақұрылымды дамытуға және білім алушыларға әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім алуға мүмкіндік беруге ұмтылысының айғағы.
Университет ұжымының қажырлы еңбегі осы маңызды кезеңнен сәтті өтуге негіз болды. Бұл ретте университет қызметіне жұмыс берушілер мен түлектер жоғары баға беріп, университет өміріне тығыз байланысты, ынтымақтастығын көрсетті.
«ARQA» сараптамалық тобы университеттің оқытушыларды, қызметкерлерді және білім алушыларды ғылыми қызметке ынталандыру саласындағы жұмысын және жоғары оқу орнының үздік студенттерін анықтау мақсатында жүргізілетін «ТОП-100» әлеуметтік жобасын ерекше атап өтті.
ЖОО басшылығы университет ұжымын 7 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейді!