Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі09 қараша 2022университет басшылығы, серпін, диалогтық алаң

SHAKARIM UNIVERSITY: PARASAT IDEAS ҰЛТТЫҚ АҚЫЛДАСУ АЛАҢЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде «Серпін» қоғамдық қорының әлеуметтік жобасы «Parasat Ideas» ұлттық ақылдасу алаңы өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге университет басшылығы, еліміздің ЖОО-ның басшылары мен мамандары, «Серпін» бағдарламасымен білім алып жатқан студенттер қатысты.
Жиында қатысушылар «Студенттерді жұмысқа орналастыру. Мансап университеттен басталады ма?» тақырыбында пікір алмасты. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда оңтүстіктен келген білім алушылар 100% жұмыспен қамтамасыз етілмеген. Себебі, студенттер мамандық таңдауда грант мәселесіне көп көңіл бөледі. Бұл өз кезегінде жұмысқа орналасуға қиындық туғызуы мүмкін.
Шара барысында Шәкәрім университетінің басшылығы өңірдің ерекшелігіне байланысты грантты бөлу мәселесін ұсынды. Себебі, оқу орны ауыл шаруашылығы, педагогика, IT, экономика саласында білікті мамандарды дайындайтын көпсалалы ЖОО.
Қазіргі таңда оқу орнында 223 серпіндіктер білім алуда. Оларды жұмыспен қамту барысында Мансап және студенттерді жұмысқа орналастыру бөлімі мамандықтар жәрмеңкесін, «Қаржы орталығы» АҚ-мен кездесу және т.б. шараларды ұйымдастыруда.