Абай облысының техникалық кәсіптік білім беру базасында білім беру грантына құжаттарды қабылдау педагогикалық мамандықтар үшін 15 тамызға дейін, техникалық, ауыл шаруашылық мамандықтар үшін құжаттарды қабылдау 9 сыныптан кейінгі талдапкерлер үшін 18 тамызға дейін, 11 сыныптан кейінгі талапкерлер үшін 20 тамызға дейін жүргізіледі.
Шығармашылық емтихан бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына тапсырған талапкерлерге шығармашылық емтихан 12-13 тамыз күндері өткізіледі. Педагогикалық мамандықтарға тапсырған талапкерлерге әңгімелесу мен психологиялық тест тапсыру 12 тамыз күні өткізіледі.
Ақылы оқуға талапкерлерді 25 тамызға дейін қабылдайды.
Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтары үшін 2+2 бағдарламасы 2 жыл колледжде 2 жыл университетте оқу мүмкіндігі қарастырылған. Педагогикалық мамандықтар үшін 9 сыныптан соң 4 жыл, 11 сыныптан соң 3 жыл білім алады.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Екібай Қашаған 2, №3 оқу ғимараты
Сенбі күні қабылдау комиссиясы 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды
Байланыс номері: ㅤ
☎️ +7(7222)31 60 29
+7 708 467 1722