Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі14 қыркүйек 2022студенттік ұйым, организация

ШӘКӘРІМДЕ ДӘСТҮРЛІ ҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Арманы бір, мақсаты бір, ізгі достарыңмен бір үйдің баласындай, қуанышты да, қайғыны да бір адамдай бөлісетін қимас достықтын куәсі – студенттік ұйым.
Shakarim University дәстүрлі «Студенттік ұйымдар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Барлық жәрмеңкелер сияқты бұл да қызықты музыкаға, көптеген ұсыныстар мен таныстыруларға, фотосуреттер мен көрмелерге толы болды.
Студенттік ұйымдардың басты мақсаты – жастар арасында азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбиені қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, білімгерлерді әлеуметтік қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау.
Жәрмеңкеге барлық 1 курс студенттері қатысты. Олар мұнда бір-бірімен жақынырақ танысып, өздерінің жандарына жақын ұйымдарға мүше болып кіріп, сабақтан бос уақыттарында шығармашылық өнерлерін шыңдамақ.
Қазіргі таңда оқу орнында 8 студенттік ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарына «балмұздақтар» арасынан 1000-нан аса білім алушы мүше болмақ.