Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі29 наурыз 2022студент, акция, сессия

"ТАЗА СЕССИЯ" АКЦИЯСЫ

Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар арасында адалдық құндылығын кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Осы ретте, Шәкәрім шаңырағында «AMANAT» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты партиясы «Таза сессия» акциясы шеңберінде анонимді сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 300-ден астам студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Аталмыш акцияның мақсаты:
  • Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау;
  • Құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша заңнаманы бұзу фактілеріне қырағылығын арттыру.
Акция барысында ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жай-күйін, оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтау жоспарланған. Акция жыл сайын жоғарғы оқу орындарында тұрақты түрде өткізіледі.