Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі10 қазан 2023шәкәрім колледжі, высший колледж шакарима

УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ ШӘКӘРІМ КОЛЛЕДЖІНЕ БАРЫП ҚАЙТТЫ

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков Шәкәрім жоғары колледжінің директоры Тоты Абдикаримова бастаған оқытушылар қауымымен кездесті. Кездесу барысында университет басшысы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. 

Кездесуге қатысушылар  әртүрлі сауалдарын жолдап, көтерілген мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін білдірді. Өз кезегінде Думан Рымғалиұлы осы сұрақтарды шешу үшін барлық іс-шаралардың қабылданатынын атап өтті.

Осылайша еркін форматтағы әңгіме барысында шешімін табуы қажет мәселелер нақтыланды. 
Сонымен қатар, университет ректоры колледждің тыныс-тіршілігімен танысып, аудиториялар мен залдарды аралап көрді. Сонымен қатар,  ректор жатақхананың жай-күйімен танысып,  студенттермен тілдесіп, әңгімелесіп қайтты. 

Айта кету керек, Шәкәрім жоғары колледжі мемлекет пен қоғамның болашақ талаптарына сәйкес техникалық және кәсiптiк бiлiм берудегi еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары бiлiктi, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру және дамытуда нәтижелі еңбек етіп келеді.