Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі21 қазан 2021

УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ «ӘЛЕМ МҰҒАЛІМІ» ЖАҺАНДЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ НОМИНАНТЫ АСХАТ ЖҰМАБЕКОВ КЕЛДІ.

Білімі мен есімі ел мақтанышы болған қонағымызбен университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы кездесіп, білім беру саласы жайлы сыр-сұхбат құрды.
Ректор өз кездесуінен кейін дарынды жас ұстазды Басқарма мүшелері және құрылым басшыларымен таныстырып, болашақта үздік ұстаз бен университеттің жас ғалымдары арасында кездесу ұйымдастыруды тапсырды.

Білім беруде шешімі толық табылмаған мәселенің бірі – инклюзивті білім беру болса, Асхат Советханұлы сол салада жұмыс жасап жүрген ұстаз. Басқарма мүшесі және құрылым басшылары мен қонағымыз арасындағы сұхбат инклюзивті білім берудің негізгі бағыттары жайлы болып, жалпы жүздесу екі жақты ортақ мүддеде өрбіді.
Кездесу барысында Асхат Советханұлы үздік ұстаз ретінде Шәкәрім университетінің 4 курс студенттеріне мастер класс сабағын өткізуге келісімін беріп, сабақ алдағы айдың жоспарына енгізілді.

Шәкәрім медиа орталығы алдағы уақытта жоспарға енген игі шара нәтижесімен университет желісінде бөлісетін болады.