Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі30 мамыр 2022абай театры, үздік студенттер, топ-10

ҮЗДІК СТУДЕНТТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шәкәрім шаңырағында үздік студенттерді марапаттау кеші өтті.
Шәкәрім университеті ЖОО арасында алғаш болып ағымдағы оқу жылынан бері студенттердің белсенділігін анықтайтын диагностикалау жүйесін қолданысқа енгізді.
Жүйенің негізгі мақсаты – академиялық, ғылыми-зерттеу, шығырмашылық және спорт бағыттарында жетістіктерге жеткен үздіктерді анықтау.
Салтанатты кешке Шәкәрім университетінің ұжымы, серіктестер, демеушілер, студенттер, ата-аналар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Алғы сөз алған Басқарма төрағасы Бауыржан Ердембеков: «Қырандар түлегі қашанда қияда самғауы тиіс! Білімге, ғылымға, өнерге баулып отырған белсенді жастарымыз қашанда нартәуекелділік пен іскерлікке ұмтылғаны абзал. Араларыңыздан Абай аңсаған «кемел тұлға», Шәкәрім өсиет еткен «халқына еңбек қылатын», Мағжан сенген жігерлі «жастар» түлеп, Қазақ елінің даңқын арттыра берсін демекпін».
Жыл көлемінде 1000-нан аса студент top100.shakarim.kz/ сайтына тіркеліп, өздерінің жетістіктер тізімін ұсынды. Диагностикалау жүйесіндегі мәліметтерге сәйкес рейтинг әзірленіп, ең үздік 100 студенттің тізімі анықталды.
Кеш барысында жоғары нәтиже көрсеткен студенттер:
  • «Үздік студент» төс белгісімен;
  • 100 студент «Шәкәрім» атындағы бір реттік шәкіртақымен;
  • 20 студент демеушілер шәкіртақысымен (З.Сәнік атындағы қоғамдық қор - 10, Республикалық Qazbilim орталығы - 5, "Qalam" жобасы - 5);
  • студент пен ата-анасы Алғыс хаттармен марапатталды.
"Үздік студент" жобасының демеушілері университет түлегі Малгаждаров Мирас Миратұлы басқаратын Абай медиа тобының ұжымына, жерлес ақын Серік Қалиев басшылық ететін «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорына, белгілі алашшыл азамат Аятжан Ахметжан басқаратын республикалық «ҚАЗБІЛІМ» орталығына, «QALAM мұғалім - 2021» қорына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Кеш республикалық өнер байқауларының жеңімпаз студенттері, қаланың танымал әншілерінің мерекелік концертімен жалғасты.
Аталымдарға ие болған үздік студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
ШӘКӘРІМ ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ЖАСАЙ БЕРСІН!