Наука 17.11.2025 28

ШАКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМДАРЫ САРАГОСА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛАКӨЛ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ШАКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІ ҒАЛЫМДАРЫ САРАГОСА УНИВЕРСИТЕТІНДЕ АЛАКӨЛ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Шәкәрім университетінің ғалымдары Испанияның беделді жоғары оқу орындарының бірі – Сарагоса университетінде бірқатар ғылыми кездесулер өткізіп, университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарын халықаралық академиялық ортаға таныстырды. Сапар барысында мамандар «Алакөлдің табиғи, тарихи-мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді талдау» атты бағдарлама аясында атқарылып жатқан зерттеулердің аралық нәтижелерін ұсынды.

Кездесуде Алакөл өңірінің табиғи ресурстарын, тарихи-мәдени мұрасын және туристік-рекреациялық әлеуетін ғылыми тұрғыдан бағалау бойынша жүргізілген жұмыстар кең көлемде талқыланды. Сонымен қатар табиғи және мәдени ландшафтарды интеграциялық тәсілдермен зерттеудің заманауи әдістері бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Тараптар бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу, ортақ мақалалар дайындау және академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырды.

Сарагоса университетінің мамандары Шәкәрім университеті ұсынған зерттеу нәтижелеріне жоғары қызығушылық танытып, Алакөл өңірінің биоалуантүрлілігі, тарихи деректері мен рекреациялық мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеуге ниет білдірді. Кездесу барысында екі жақ та алдағы кезеңге арналған нақты жұмыс бағыттарын айқындады.

Халықаралық сапар Шәкәрім университетінің әлемдік ғылыми қауымдастықпен байланысын нығайтып қана қоймай, Алакөл өңірін кешенді зерттеудің жаңа мүмкіндіктерін ашты. Сонымен қатар бағдарлама тиімділігін арттыруға, халықаралық серіктестік аясын кеңейтуге бағытталған маңызды қадам болды.

Комментарии (0)

Оставить комментарий