- еңбек өнімділігін тиімділік пен рентабельділікті арттыруға, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етуге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының ең аз шығындары кезінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған Ұйымның экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді жүзеге асырады;
- ұйымның барлық бөлімшелерінің жасалған шаруашылық шарттарына сәйкес бәсекелестік жағдайында қызметтің перспективалық жоспарларын жасау, олардың негізіне қойылған қажетті негіздемелер мен есептеулермен жоспарлар әзірлеу, сондай-ақ шаруашылық тетігін, экономикалық жұмысты жетілдіру, өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жөніндегі қызметін әдістемелік тұрғыдан басқарады және үйлестіреді;
- экономикалық жоспарлардың негізділігін арттыруға, ғылым мен техниканың жетістіктерін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды ескере отырып, материалдық және еңбек шығындарының прогрессивті техникалық-экономикалық нормативтері негізінде жоспарлы көрсеткіштерді белгілеуге жәрдемдеседі;
- ұйым қызметінің экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру, олардың негізділігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, жоспарлауды, тауарлық-материалдық құндылықтарды тұтыну нормаларын және өндірістік қуаттарды пайдалануды жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді;
- ұйымның өндірістік бөлімшелерінің жұмысын техникалық-экономикалық жоспарлау, күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін есептеу, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстар, өндіріс резервтерін барынша жұмылдыру, жаңа техника мен технологияларды енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар бойынша әдістемелік материалдар әзірлеуді ұйымдастырады;
- басқарудың экономикалық әдістерін енгізу, жетілдіру және олардың рөлін арттыру бойынша әдістемелік басшылықты және жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- ұйымның шаруашылық қызметінің барлық учаскелерінде материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.