- кадрларды даярлаудың барлық деңгейлері бойынша оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар талаптарына және Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің (бұдан әрі-ҚР ҒБжЖБМ)әдістемелік нұсқауларына сәйкес жоспарлы құжаттаманы: оқу жұмыс жоспарларын, оқу процесінің кестесін әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау;
- Platonus базасында аудиториялық қорды қамтамасыз ету;
- sdo.semgu.kz порталында кафедраның педагогикалық жүктеме сағаттарын есептеу және сағаттық қорын жоспарлау;
- кафедралар бойынша оқу жылына профессорлық-оқытушылар құрамын іріктеу және штат кестесін бекіту;
- мамандандырылған кабинеттер мен зертханаларды жабдықтау бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарын құруда бөлімдерге қолдау көрсету, оқу үдерісінде бейіндік кабинеттер мен кабинеттерді тиімді пайдалануды қадағалау;
- оқу сабақтарының кестесін жасау;
- оқу сабақтарының кестесінің профессорлық-оқытушылық құрамының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, аудиториялық қордың жүктелуін және пайдаланылуын бақылау;
- оқу бөлімдерінің, штаттық оқытушылардың, штаттан тыс оқытушылардың және сағаттық жұмысшылардың оқу жүктемесінің орындалуын басқару және бақылау;
- ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес оқытушылар бойынша оқу жүктемесінің ұтымды бөлінуін мониторингілеу және есепке алу;
- қорытынды аттестаттау комиссиясының және "Қазақстан тарихы" мемлекеттік емтиханының құрамы мен жұмыс мерзімдерін келісу.