25 қаңтар 2023

Ағылшын тілінің кезекті деңгейлік курстары басталды

Шет тілін үйрену – заман талабы. Осы талап үддесінен шығу үшін Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы өз оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған ағылшын тілінің деңгейлік кезекті курстарын ұйымдастыруда.

Курс «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен өзара ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылуда.

24.01.-25.05.2023 уақыт аралығында өтетін 72 сағаттық Elementary және Pre-intermediate деңгейлік курстарына барлық факультет, құрылымдық бөлімдерден елуге жуық тыңдаушы жазылды.

Курстың мақсаты –университет оқытушылары мен қызметкерлерінің шет тілін меңгеру деңгейлерін көтеру, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.  

Курс соныңда тыңдаушылар қорытынды тест тапсырып, бекітілген үлгідегі арнайы сертификат алады.