18 қыркүйек 2023

«Күміс университет» жобасы негізінде Eurasian Bank өкілдерінің қатысумен «Депозиттер бос ақшаны инвестициялау құралы ретінде» тақырыбында дәріс өткізілді

2023 жылдың 18 қыркүйегінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының аясында құрылған «Күміс университет» жобасы негізінде егде жастағы тұлғаларды қолдау мақсатында Абай облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының тыңдаушыларына қаламыздың Eurasian Bank өкілдерінің қатысумен «Депозиттер бос ақшаны инвестициялау құралы ретінде» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында қатысушыларды толғантып жүрген көптеген сұрақтар қойылып, жан-жақты жауаптар алдынды.