Ғылым және Жоғары білім Министрлігінің Шетелдік профессорларды оқу үрдісіне тарту бағдарламасы аясында келген Польша Республикасының Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің Спорт және Дене шынықтыру Институтының директоры, профессор Александр Скалий 04.09.2023– 20.09.2023 уақыт аралығында 72 сағат көлемінде офлайн режимінде КеАҚ «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» Дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлық-оқытушы құрамына «Дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзреттіліктері мен дағдыларын дамыту» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс соңы тыңдаушыларға сертификат табыстаумен аяқталды.