«Агротехнопарк» ғылыми орталығында «Абай аудандық омарташылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің белсенділерімен кезекті кездесу өтті.
Омарташылар саладағы өзекті мәселелерді, соның ішінде карантиндік шараларды қолдану мүмкіндіктерін және шетелден әкелінетін ара ауруларының алдын алу шараларын талқылады.
Жиынға ғылыми орталықтың, «Ветеринария және ауыл шаруашылығы менеджменті» факультеті мен «Ветеринария» кафедрасының қызметкерлері қатысты. Оқу үдерісіндегі бірлескен іс-шаралар, студенттерге омарта шаруашылығы бойынша ашық дәрістер, жергілікті жерде сабақтар өткізу, университеттің ашық диалог алаңдарына қоғамдық бірлестік өкілдерінің қатысуы мәселелері талқыланды.