08 сәуір 2024

«СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ КУРСТАРЫНА ШАҚЫРАДЫ!

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін адамдар үшін 15 білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық қайта даярлау курстарын өткізеді:
1. Педагогика және психология (қазақ, орыс тілдерінде)
2. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (қазақ, орыс тілдерінде)
3. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі (қазақ, орыс тілдерінде)
4. Музыкалық білім (қазақ, орыс тілдерінде)
5. Бейнелеу өнері, көркем еңбек және сызу (қазақ, орыс тілдерінде)
6. Математика (қазақ, орыс тілдерінде)
7. Физика (қазақ, орыс тілдерінде)
8. Информатика (қазақ, орыс тілдерінде)
9. Химия (қазақ, орыс тілдерінде)
10. Биология (қазақ, орыс тілдерінде)
11. География (қазақ, орыс тілдерінде)
12. Тарих (қазақ, орыс тілдерінде)
13. Шетел тілі: екі шетел тілі (қазақ, орыс тілдерінде)
14. Қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ тілінде)
15. Орыс тілі мен әдебиеті (орыс тілінде)
 
- Құжаттарды қабылдау: 2024 ж. қабылдау комиссиясының жұмысы барысында
Курсқа түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ЖОО басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 075-У нысанындағы медициналық анықтама;
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) білімі туралы құжаттың қосымшаларымен көшірмесі.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен бірге салыстыру үшін хатшыға ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар қайтарылады.
 
- Арнайы емтихан тапсыру: 19-23.08.2024 ж.
Арнайы емтихан педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсетін тұлғалар үшін кәсіби жарамдылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Емтихан онлайн және офлайн форматта, ауызша түрде өткізіледі.
 
- Оқу мерзімі: 6 ай, 02.09.2024 ж. – 02.03.2025 ж. уақыт аралығы
Білім беру процесі 45 кредиттен тұрады:
1. Теориялық оқыту (15 апта, 33 кредит)
2. Педагогикалық практика (10 апта, 10 кредит)
3. Қорытынды аттестаттау (1 апта, 2 кредит)
 
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!
 
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Глинки көшесі, 20А, каб. 1210
Телефон: +7-777-169-61-61, +7-707-608-29-47​​
Instagram: cpkipk​​​ 
Facebook: ЦПКиПК