Педагогика қайта даярлау курстары
Құжаттарды қабылдау: 18.09. – 20.10.2023 ж.
Курсқа түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ЖОО басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 075-У нысанындағы медициналық анықтама,
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) білімі туралы құжаттың қосымшаларымен көшірмесі.
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен бірге салыстыру үшін хатшыға ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар қайтарылады.
Арнайы емтихан тапсыру: 23-25.10.2023 ж.
Арнайы емтихан педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсетін тұлғалар үшін кәсіби жарамдылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Емтихан онлайн және офлайн форматта, ауызша түрде өткізіледі.
Оқу мерзімі: 6 ай, 06.11.2023 ж. - 05.05.2024 ж. уақыт аралығы
Білім беру процесі 45 кредиттен тұрады:
1. Теориялық оқыту (15 апта, 33 кредит, онлайн)
2. Педагогикалық практика (10 апта, 10 кредит, офлайн)
3. Қорытынды аттестаттау (1 апта, 2 кредит, офлайн)
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!
- Соңғы хабарландырулар
-
Педагогика қайта даярлау курстары
20-10-2023
-
2023-2024 оқу жылына ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу
05-09-2023
-
ҚР ӘМ Құқықтық ақпараттық қызметі
05-09-2023
-
Лауазымдық бос орынға конкурс жариялау 19.08.2023
29-08-2023
-
SCIENCE PROFESSOR ШӘКӘРІМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ!
10-08-2023
-
ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!
03-08-2023