24 қаңтар 2024

ПОЛЬША УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ФИЛИАЛЫНА ҚЫСҚЫ ҚАБЫЛДАУ

Шәкәрім университетінің базасында Быдгощ Экономика университетінің (Польша) еуропалық жоғары оқу орнының филиалы ашылды.

Филиал «Спорт менеджменті және рекреация» білім беру бағдарламасына қысқы қабылдау туралы хабарлайды. Қабылдау қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Филиалда оқудың жалпы ұзақтығы - 3 жыл.
Оқыту тілі - орыс тілі.
Оқу құны - жылына 900 еуро (шамамен 480 мың теңге).

Оқыту моделі:
1 курс - Семей қаласындағы филиалда
2 курс - Быдгощ қаласының Экономика университетінде, Польша
3 курс - Семей қаласындағы филиалда

Бағдарламаның бірегей ерекшеліктері:
• Еуропалық Одақ стандарттары бойынша орыс тіліндегі бағдарлама;
• 1 жыл оқу үшін Польшаға сапар;
• Еуропалық Одақтың бүкіл аумағы бойынша студенттік визамен саяхат;
• Еуропалық үлгідегі диплом.

Университет студенттері де, колледж студенттері де оқуға түсе алады.

Поляк бағдарламасы бойынша оқыту негізгі мамандық бойынша оқытумен қатар жүргізіледі.

Оқуға қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі (барлығы сканерленген түрде):
1. Шетелдік паспорт
2. Туу туралы куәліктер
3. Қосымша берілген толық орта білім туралы аттестат
4. Оқу үшін қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын медициналық анықтама - бағанда тағайындалған жерін Польша, Быдгощ Экономика университетін көрсету
5. 1 сурет
6. Аттестат пен аттестатқа қосымшаның апостилі ХҚКО арқылы жасалады.
7. Қабылдау-бітіру күнін, аттестаттың нөмірін көрсете отырып, бітірген мектептен анықтама және алынған аттестат Қазақстанның және шетелдегі жоғары оқу орындарына түсуге құқық беретіні туралы нұсқау.

Барлық сұрақтар бойынша Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А, 119 кабинет Халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласуға болады.
Whatsapp: +7 747 864 0674