18 наурыз 2024

БОС ГРАНТТАРДЫ ТАҒАЙЫНДАУ

Shakarim University бос гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін қайта бөлуден кейін қалған бос гранттарға конкурс жариялайды!
Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.
Құжаттар қысқы сессияны тапсырғаннан кейін 2024 жылдың наурыз айының 26 дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін ақылы негізде оқитын студенттер факультеттің деканатына келесі құжаттарды ұсыну керек:
• Басқарма Төрағасы - Ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш (үлгісі деканатта);
• СДО арқылы алынған транскрипт (QR кодпен);
• Жеке куәлігінің көшірмесі.