Мақсат 7. Қолжетімді әрі таза энергия

Семей қаласын электрмен жабдықтау көзі су электр станциялары (СЭС) болып табылады. СЭС өндіретін энергия
жаңартылатын энергия көздеріне жатады.

Университетте Көміртегі эмиссиясының нөлдік деңгейіне жету саясаты қабылданды (https://semgu.kz/ru/pages/index?pathway=universite...). Осы саясат шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізілуде (https://semgu.kz/kz/science/projects-list?pathway=...) және Жылу энергетикасы, Техникалық физика, Құрылыс білім беру бағдарламаларына инновациялық пәндер енгізілуде. Ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергетикалық аудит жүргізу жоспарлануда.

Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебінің ғалымдары спикер ретінде сөз сөйлеп, ҚР-да атом электр станциясын салу мәселесі бойынша
түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысады ( https://24.kz/ru/tv-projects/gost-dnya/item/671442... https://astanatv.kz/ru/news/120924/ https://www.instagram.com/p/C_PW6XTil15/?locale=ru...).

Университетте білім алушылар «Sustainability living lab: outreach» бағдарламасы (Шеврон компаниясының қолдауымен «National
conservation initiative» Корпоративтік қорымен бірлесіп тұрақты даму кеңсесі) шеңберінде «Ақылды жарықтандыру», «Гаджеттерді зарядтауға арналған күн күркесі» жобаларын іске асырды.