Лауазымдық бос орынға конкурс
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 071412, Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарындағы және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдардағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Конкурсқа қатыса алмайды:
1) жиырма бес жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағы қызмет тізімі;
4) жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;
5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:
- шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халық арасындағы шарттың (Келісімнің) қолданысына түсетіндер;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;
9) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;
10) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады(30.05.2023-08.06.2023).
Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.
Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетіне жеткізу қажет (643 каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26.
- Соңғы хабарландырулар
-
«Shakarim Start-up 2024» стартап-жобалар байқауы
25-11-2024
-
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ
26-09-2024
-
Табысты тұлғалардың Шәкәрім университетіндегі дәрісінде Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы.
25-09-2024
-
Бейбіт атомның артықшылықтары
25-09-2024
-
Табысты тұлғалардың Шәкәрім университетіндегі дәрісі
25-09-2024
-
Салыстырмалы педагогика: өзектілігі және мәселелері дәрісі
24-09-2024