
ҚҰРМЕТТІ ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР!
2023 жылғы докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау www.app.testcenter.kz сайтында 12 шілдеден бастап, 3 тамызға дейін жүргізіледі.
Өтініш беру кезінде тек ТЕСТІЛЕУ ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) таңдай аласыздар.
Ал тест тапсыру күні, уақыты, мекенжайы туралы ақпарат 9 тамызда Жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде ұсынылады.
Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.
Докторантураға түсу емтиханына (ДТЕ) қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.
МАҢЫЗДЫ:
1️.TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тестілеуді (қосымша тестілеу) тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 4 тамызда түсушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 1️4️ 1️6️2️ теңгені құрайды;
2️.Докторантураға түсушілер міндетті түрде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
3️.Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар адамдар қабылданады;
4️.Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл 75-ті құрайды.
- Соңғы хабарландырулар
-
ШӘКӘРІМ МЕКТЕБІНЕ (Shakarim High School) ШАҚЫРАМЫЗ!
20-02-2025
-
“АБАЙ - ӘЛЕМ ТІЛДЕРІНДЕ” әдеби кеші
11-02-2025
-
ҚЫТАЙ ТІЛІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕМТИХАНДАР КҮНТІЗБЕСІ-2025 HSK
07-02-2025
-
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ "КІМ КІНӘЛІ?" ШЫҒАРМАСЫН ТАЛДАУ
07-02-2025
-
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ABAISTREAM» ФЕСТИВАЛІ
04-02-2025
-
SHAKARIM UNIVERSITY: ИНВЕСТОРМЕН ТАҢҒЫ КОФЕ
03-02-2025