1 қарашада магистратураға және докторантураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады.
1 қарашада магистратураға және докторантураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады.
Байқауға жазда грантқа түсе алмаған үміткерлер де, бұрын кешенді тестілеуден өтпегендер де қатыса алады.
Магистратура мен докторантурасына түсушілердің өтініштерін қабылдау желілік жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары және ҰБТ ақпараттық жүйесі арқылы 2021 жылдың 1-15 қарашасы аралығында жүргізіледі.
Магистратураға түсушілерге арналған түсу емтихандары 2021 жылдың 13-15 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Докторантураға білім беру бағдарламаларының тобы бойынша түсу емтихандары 2021 жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Докторантураға түсуші тұлғалар төмендегі құжаттарды тапсырады:
1) еркін нысандағы өтініш;
2) білім туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде түпнұсқасы);
3) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
4) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс): IELTS, шекті балл кемінде – 5,5, TOEFL ITP – кемінде 460, TOEFL IBT – кемінде 46, TOEFL PBT, шекті балл – кемінде 453, DSH, Niveau В2/В2 деңгейі, Test DaF– Prufung (Niveau В2/В2 деңгейі), TFI –В2 деңгейінен төмен емес, DELF, B2 деңгейі, DALF, В2 деңгейі, TCF – кемінде 50 балл;
5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
6) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
7) жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат;
8) соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеулер жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
4) және 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар тұпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласа аласыз: +7 775 759 48 33, +7 701 117 32 02, +7 708 514 07 17
@talapker.shakarim.kz
- Соңғы хабарландырулар
-
«Shakarim Start-up 2024» стартап-жобалар байқауы
25-11-2024
-
«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫ
26-09-2024
-
Табысты тұлғалардың Шәкәрім университетіндегі дәрісінде Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы.
25-09-2024
-
Бейбіт атомның артықшылықтары
25-09-2024
-
Табысты тұлғалардың Шәкәрім университетіндегі дәрісі
25-09-2024
-
Салыстырмалы педагогика: өзектілігі және мәселелері дәрісі
24-09-2024