20 қазан 2023

Педагогика қайта даярлау курстары

 

Құжаттарды қабылдау: 18.09. – 20.10.2023 ж.

Курсқа түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ЖОО басшысының атына өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 075-У нысанындағы медициналық анықтама,

4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

5) білімі туралы құжаттың қосымшаларымен көшірмесі.

Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен бірге салыстыру үшін хатшыға ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Арнайы емтихан тапсыру: 23-25.10.2023 ж.

Арнайы емтихан педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсетін тұлғалар үшін кәсіби жарамдылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Емтихан онлайн және офлайн форматта, ауызша түрде өткізіледі.

Оқу мерзімі: 6 ай, 06.11.2023 ж. - 05.05.2024 ж. уақыт аралығы

Білім беру процесі 45 кредиттен тұрады:

1. Теориялық оқыту (15 апта, 33 кредит, онлайн)

2. Педагогикалық практика (10 апта, 10 кредит, офлайн)

3. Қорытынды аттестаттау (1 апта, 2 кредит, офлайн)

 

Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!