20 тамыз 2021
2021-2022 оқу жылына Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу
Құрметті үміткерлер,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.
Грант саны:- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300
- тілдік курстар үшін - 200
- шетел азаматтары үшін - 50
- Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200
Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде https://enic-kazakhstan.edu.kz/ru/priem-dokumentov... сайтында 2021 жылдың «20» тамызынан «05» қыркүйегіне дейін тапсыра алады
Қажетті құжаттар:
- еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
- 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).
Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.edu.kz сайтында табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz
- Соңғы хабарландырулар
-
«В005 - Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша «Мамандану бойынша нормативтер» шығармашылық емтиханының натижелері
10-07-2024
-
«АЛАШ ҚАЛАСЫ – ЖАҢҒЫРҒАН ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҰҢҒЫШ АСТАНАСЫ»
01-07-2024
-
«Құнанбай Өскенбайұлы: тұлға, тарих, феномен» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
14-06-2024
-
"Shakarim Awards-2024"
30-05-2024
-
ТІКЕЛЕЙ ЭФИР БІЛІМ БЕРУ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША
24-05-2024
-
АШЫҚ ДӘРІС: ЖАҚСЫЛЫҚ СӘБИТОВ
15-05-2024