Бакалавриат
Математика – физика
6В01501 «Математика»
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Теориялық және қолданбалы математика саласындағы математика бакалаврларының заманауи талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандарды даярлау. «Математика» мамандығының бакалаврын игерген маман ерекшелігі: мектеп, гимназия, лицей және колледждің математика мұғалімдеріне қажет білім, білік және дағдыны толық меңгереді. Аталған маман бітірушілерінің білім мекемелеріндегі негізгі міндеттері оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстармен айналысу, сонымен қоса қала және облыс кәсіпорындары мен одақтарында басқару-ұйымдастыру шараларын жүргізу болып табылады.
Қызметі:
- Математика пәнінің мұғалімі
- Ғылыми қызметкер
- Маман
- Әдіскер
Жұмыс орны:
- Білім беру мекемелері
- Ғылыми – зерттеу институттары
- Математика саласындағы орталықтар
- Мемлекеттік басқару ұйымдары
6В01502 «Математика-информатика»
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Теориялық және қолданбалы математика саласындағы заманауи талаптарына жауап беретін ең жоғары білікті математика және информатика бакалавр мамандарын дайындау. «Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының түлектері алынған дағдыларды бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпараттық есептеу техникаларын, коммуникациялық желілер мен жүйелерді пайдалануда және математикалық есептерді жүргізуге байланысты кез келген жұмыста қолданады. Алынған дағдыларды студент аналитикалық, ғылыми, жобалық, зерттеу және технологиялық салаларда қолдана алады. Сондай-ақ аталған мамандық бойынша білім алған бітірушілер республиканың аз қоныстанған өңірлеріндегі шағын жинақты мектептерде де сұранысқа ие.
Қызметі:
– Математика-информатика пәнінің мұғалімі
– Ғылыми қызметкер
– Маман
– Әдіскер
Жұмыс орны:
– Білім беру мекемелері
– Ғылыми –зерттеу институттары
– Математика саласындағы орталықтар
– Мемлекеттік басқару ұйымдары
6В01503 «Математика-физика»
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Қазіргі заманғы формациядағы жоғары кәсіби бәсекеге қабілетті, мәдениетті, коммуникативтік, шығармашылық және кәсіби мәселелерді жоғары ғылыми-практикалық деңгейде шеше алатын, республиканың аз қоныстанған аймақтарындағы шағын жинақты мектептерде талап етілетін математика және физика мұғалімдерін, жоғары кәсіби бәсекеге қабілетті маманды даярлау болып табылады. «Математика-Физика» мамандығының бакалаврын игерген маман ерекшелігі: мектеп, гимназия, лицей және колледждің математика және физика мұғалімдеріне қажет білім, білік және дағдыны толық меңгереді. Аталған маман бітірушілерінің білім мекемелеріндегі негізгі міндеттері оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстармен айналысу, сонымен қоса қала және облыс кәсіпорындары мен одақтарында басқару-ұйымдастыру шараларын жүргізу болып табылады.
Қызметі:
– Математика-физика пәнінің мұғалімі
– Ғылыми қызметкер
– Маман
– Әдіскер
Жұмыс орны:
– Білім беру мекемелері
– Ғылыми –зерттеу институттары
– Математика саласындағы орталықтар
– Мемлекеттік басқару ұйымдары
6В01504 – Физика
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті физика пәні бойынша жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру; физика саласында жүйеленген білімді қалыптастыру; білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде физика пәні бойынша педагогикалық процесті ұйымдастыру.
Қызметі:
– Физика пәнінің мұғалімі
– Ғылыми қызметкер
– Әдіскер
Жұмыс орны:
– Білім беру мекемелері
– Ғылыми –зерттеу орталықтары
– Физика саласындағы орталықтар
– Зертханалар
6В01505 – Физика – Информатика
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті физика және информатика пәндері бойынша жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау: оқушының жан-жақты дамыған тұлғасын тәрбиелеу және қалыптастыру; физика және информатика саласында жүйеленген білімді қалыптастыру; білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде физика және информатика пәндері бойынша педагогикалық процесті ұйымдастыру.
Қызметі:
– Физика-информатика пәнінің мұғалімі
– Ғылыми қызметкер
– Әдіскер
Жұмыс орны:
– Білім беру мекемелері
– Ғылыми –зерттеу институттары мен орталықтары
– Физика-информатика саласындағы орталықтар
– Зертханалар
6В01507 – Информатика және робототехника
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасында үш тілді білім беруді енгізуге және білім беру жүйесін цифрландыруға байланысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды жүзеге асыруға қабілетті информатика және робототехника мұғалімін даярлау қажеттілігіне негізделген – Информатика және робототехника пәнінің мұғалімі
Қызметі:
– Ғылыми қызметкер
– Маман
– Әдіскер
Жұмыс орны:
– Білім беру мекемелері
– Ғылыми –зерттеу институттары мен орталықтары
– Робототехника-информатика саласындағы орталықтар
– Зертханалар
«Техникалық физика»
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Жалпы білім берудің негізгі талаптарына мазмұны мен көлемі бойынша мемлекеттік жалпы міндетті стандарт критерийлері мен олардың бағалары негізіндегі компентациялар мен машықтардың, біліктілігі мен білімдерінің деңгейлерін бекітетін сапалы мен толықтай профессионалдық білімдерін түлектермен алу табылады.
Қызметі:
– физик,
– инженер-схемотехник,
– инженер-электроник,
– технолог,
– жоғары,
– I және II санатты маман,
– аға зертханашы,
– инженер
Жұмыс орны:
– Атом энергетикасы және төмен температуралық техника саласындағы энергетикалық және технологиялық бейіндегі кәсіпорындар мен фирмалар.
– Ғылыми-зерттеу мекемелері
– Жоғары және орта арнаулы оқу орындары
6В05401 – Математика (Жаратылыстану бакалавры)
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Білім беру бағдарламасының мақсаты шешім қабылдау техникасын меңгерген, математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды білетін теориялық және қолданбалы математика саласындағы мамандарға қойылатын ең заманауи талаптарға жауап беретін математика бакалаврларын даярлау болып табылады.
Қызметі:
-математика пәні мұғалімі
-кіші ғылыми қызметкер
-Аналитик
-қаржы аналитигі
-бизнес аналитигі
-Статистик
-Маркетолог-аналитик
Жұмыс орны:
-білім беру мекемелері
-ғылыми зерттеу институты
-банк саласы
-сақтандыру компаниялары
-математика әдістері мен компьютерді пайдаланатын ұйымдар
6В06103 «Ақпараттық жүйелер»
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру бизнес тиімділігін басқару және шешім қабылдауды қолдау негізін құрайды, сондықтан «Ақпараттықжүйелер» білім беру бағдарламасының бірегейлігі басқару, экономикалық, математикалық және АТ-бағыттары бойынша бағдарламаның теңгерілуінен тұрады. Білім беру бағдарламасының мақсаты – ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында әр-түрлі меншік нысанындағы ұйымдарда ұйымдастырушылық басқару міндеттерін және бизнес-үдерістерді автоматтандыратын Ақпараттық жүйелерді жобалауды, әзірлеуді, модификациялауды және сүйемелдеуді орындауға қабілетті ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Бағдарлама пәндерінің мазмұны ақпараттық технологияларды дамытудың ағымдағы кезеңіне бағытталған, бұл ұйым қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда ұйымдастырушылық басқару міндеттерін және бизнес-процестерді автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен пайдалануды тиімді ұйымдастыруға қабілетті бағдарлама түлектерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Қызметі:
– Веб-бағдарламашы
– Жүйелік әкімші
– JavaScript бағдарламашысы
– 1С бағдарламашысы
– Желілік инженер
Жұмыс орны:
– Электрондық кеңсе стандарттары бойынша жабдықталған, адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлейтін, енгізетін және пайдаланатын әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар
6В06104 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Білім беру бағдарламасы бойынша қысқаша мәлімет:
Осы білім беру бағдарламасын меңгере отырып, бітірушілер жасанды интеллект жүйелерінде білім беру дағдыларын меңгереді; бағдарламалау бойынша практикалық есептерді шешудің қазіргі заманғы әдістерін таңдайтыны; жасанды интеллект әдістері мен практикалық есептерді шешу үшін объектілі – бағытталған бағдарламалау әдістерін қолдана отырып, компьютерлік қосымшаларды құрастыру; сайттарды құрудың қазіргі заманғы әдістерін пайдалана отырып, көп деңгейлі веб-қосымшаларды құру; компьютерлік желіде әкімшілік ету дағдысының болуы; төмен және жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерінде бағдарламалау; әртүрлі типтегі операциялық жүйелердегі процестер мен ағындарды басқару.
Қызметі:
– біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман;
– біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман;
– біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман.
Жұмыс орны:
– Телекоммуникация жүйелерінде;
– Автокөлік жүйелерінде;
– Ғылым және білім;
– Денсаулық сақтау;
– Ауыл шаруашылығында;
– Қызмет көрсету саласында;
– Әкімшілік басқармасы;
– Экономика мен бизнесте;
– түрлі технологияларды басқару және т. б. мекемелерінде
- Бакалавриат
- Магистратура
- Докторантура
- Маңызды даталар
- Білім беру бағдарламалары
- Құжаттар тізімі
- Пререквизиттер
- Нормативтік-құқықтық актілер
- Қабылдау емтихандарына арналған тақырыптар мен әдебиеттер
- Сұхбаттасу кестесі
- Докторантураға түсу емтиханының бағалау критерийлері
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде докторантураға оқуға түскен тұлғалар тізімі
- Шәкәрім жоғары колледжі
- Дайындық бөлімі
- Шет ел азаматтары үшін
- Студенттер үйлері
- Байланыс телефондары