Қосдипломды білім бағдарламасы
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетіндегі қос дипломдық бағдарлама - қазақстандық жоғары білімнің халықаралық білім кеңістігіне практикалық интеграциясын дамытудың маңызды арналарының бірі. Бұл бағыт университеттің білім беру сапасын арттыру, зерттеу, университеттің әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан дамуының стратегиялық мүдделеріне жауап береді және Болон процесінің негізгі қағидалары мен ережелеріне сәйкес келеді.
Халықаралық білім беру бағдарламалары бойынша Шәкәрім университетінің студенттерінің әрқайсысы жоғары сапалы білім беру қызметтерін, серіктес жоғары оқу орындарының жетекші оқытушыларынан тиісті шетелдік білім мен тәжірибе алады.
Қазіргі уақытта келесі серіктес университеттермен бакалавриат пен магистратураның бірқатар бағдарламалары жүзеге асырылуда:
KYUNGDONG UNIVERSITY
ОҢТҮСТІК КОРЕЯ
Дайындық деңгейі: Бакалавриат
Оқыту тілі: Ағылшын
Қосдипломды бағдарламаларының тізімі:
- 6В06105 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету / Smart Computing"
- 6В04106 - "Менеджмент / Business Administration"
- 6В04107 - "Менеджмент / Hotel Management"
Түсу шарттары
Осы қос дипломды бағдарламаларға түсу процесі дәстүрлі білім беру бағдарламаларына түсу процесінен еш айырмашылығы жоқ.
Оқуға түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту қажет (бейіндік пәндер тізімі төменде келтірілген).
ҰБТ нәтижелерімен жалпы негізде мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына қатысуға болады.
Бейіндік пәндер:
- 6В06105 - "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету / Smart Computing" - Математика + Информатика
- 6В04106 - "Менеджмент / Business Administration" - Математика + География
- 6В04107 - "Менеджмент / Hotel Management" - Математика + География
Оқу моделі
Оқу мерзімі - 4 жыл. Оқыту "2 + 2" моделі бойынша жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз:
- 2 жыл- Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде оқуы
- 2 года - обучение в Kyungdong University
Kyungdong University-ге қос дипломды бағдарламалардың студенттерін ауыстыру критерийлері
042-1.13-2022 "бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы ереже" тармағына, сондай-ақ алғашқы төрт (4) семестрді (2 курс) оқыту бағдарламасын сәтті аяқтаған білім алушылар Кендонг университетіне "2+2" схемасы бойынша келесі критерийлерге сәйкес ауысу мүмкіндігін алады:
- Тіркеу жарнасының төленгені және семестрде тұру құны туралы растау;
- Бекітілген оқу жоспарына сәйкес (кемінде 120 ECTS)оқу курсының сәтті аяқталғанын көрсететін транскриптінің болуы;
- Үлгерім 75% - дан төмен емес немесе GPA баламасында;
- С3 корей визасының болуы;
- Корей жоғары оқу орындары қауымдастығының (KUAC) қабылдау комиссиясында әңгімелесуден сәтті өту
- IELTS минимумы 5.5 немесе халықаралық сертификатталған ағылшын тілін білудің басқа баламалы деңгейі.
UNIVERSITY OF ECOMONY IN BYDGOSZCZ
ПОЛЬША
Manager of Sports and Recreation - Спорт және рекреация менеджері
Дайындық деңгейі: Бакалавриат
Оқыту тілі: Орысша
Оқыту моделі
Mechatronics - Мехатроника
Дайындық деңгейі: Бакалавриат
Оқыту тілі: Ағылшын