Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары оқу жылы бойы келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарланады және жүргізіледі:
- ғылыми рефераттар дайындау, оқытушылармен бірге ғылыми мақалалар жариялау;
- бітіруші кафедраларда ғылыми курстық және дипломдық жұмыстарды, сондай-ақ ҒЗЖ элементтерімен жұмыстарды орындау;
- ғылыми студенттік конференцияларға, семинарларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатысу;
- студенттердің шаруашылық келісімшарт және мемлекеттік бюджеттік ҒЗЖ орындауға қатысуы.
Студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың ҒЗЖ ұйымдастырудағы университеттің негізгі міндеті оларды дайындау деңгейін ескере отырып, шығармашылық қызметтің әртүрлі нысандарына сараланған түрде тарту арқылы шешіледі және орындалады.
Университет студенттері өздерінің болашақ мамандықтарын игеру үшін, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу үшін керемет мүмкіндіктерге ие. Студенттердің қарамағына заманауи құралдармен жабдықталған оқу және ғылыми зертханалар, Internet желісіне қосылған компьютерлік сыныптар, миллионға жуық кітап қоры бар ғылыми кітапхана ұсынылды.
Университет студенттері кафедра ғалымдары жүргізетін қолданбалы зерттеулерді әзірлеуге бірлесіп орындаушы ретінде жүйелі түрде тартылады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері мақалаларды жариялау, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындау, конференцияларда сөз сөйлеу, бизнес-жобалар конкурстарына қатысу үшін пайдаланылады.
Студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту мақсатында университет кафедраларында ғылыми қызығушылықтар бойынша үйірмелер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 42 студенттік ғылыми үйірмелер мен студенттік ғылыми бірлестіктер жұмыс істейді, оларда студенттер белгілі бір тақырып бойынша ғылыми ізденіс және жұмыс дағдыларын игереді. Олардың ішінде: "ХХІ ғасыр көшбасшысы", "Софиялықтар", "Зерде", "Теплофизик", "Селекционер", "Кіші географиялық қоғам", "Физиктер оқыту әдістемесі", "Компьютерлік графика және 3D модельдеу" және басқалар.
Университет базасында өткізілетін халықаралық және республикалық конференциялар, ғылыми-практикалық семинарлар, түрлі бағыттар бойынша пәндік олимпиадалар жастарды ғылымға баулуға түрткі болды. Жыл сайын университет студенттері ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша республикалық конкурсқа белсенді қатысып, қорытындысы бойынша жүйелі түрде жүлделі орындарға ие болады.
Үздік жұмыстар университеттің, республиканың және шетелдің ғылыми басылымдарында жарияланады. Жыл сайын университетте барлық дайындық бағыттары бойынша жас ғалымдардың "Shakarim inno" ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі. Студенттердің өмірін көрсету үшін университетте "Студент Әлемі" газеті шығарылады.
- Ғылыми зертханалар мен орталықтар
- Shakarim Museum
- Стартап жобалар
- Ғылыми жобалар
- Сатып алу
- Коммерцияландыру
- Ғылыми іс-шаралар
- Университет ғалымдарының рецензияланатын халықаралық деректер базасында жарияланымдары
- Ғылыми басылым
- Конференция материалдары
- Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Техникалық ғылымдар сериясы
- Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Тарих ғылымдары сериясы
- Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Ауылшаруашылық және ветеринарлық ғылымдар сериясы
- Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Филология сериясы
- Шәкәрім Университетінің Хабаршысы. Экономикалық ғылымдар сериясы
- Біздің серіктестер
- Ғылыми техникалық кеңес
- Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары
- Диссертациялық кеңестер
- Сыртқы нормативтік құжаттар
- Диссертациялық Кеңес туралы ереже
- Этикалық комиссия
- Диссертациялық кеңестер құрамы
- Мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелері бар болуы туралы ақпарат
- Диссертация қорғаудың материалдары
- Диссертациялық кеңестің есебі
- Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияны рәсімдеу ережесі
- Ғылыми атақ ізденушілері
- Үздік университет оқытушысы
- Ғылыми жабдықтар