Жас ғалымдар кеңесінің құрамы

КЕҢЕСТІҢ МАҚСАТЫ

Жас ғалымдардың бірлесуін қамтамасыз ету, олардың кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, алға қойылған міндеттерді іске асыру, жаңа білім алу және бірлескен ғылыми қызметке ықпалдасу.


КЕҢЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Жас ғалымдарды біріктіру, олардың кәсіби өсуін ынталандыру, жас ғалымдардың мүдделерін білдіру, оларды ғылым мен техниканы дамыту мәселелерін шешуге тарту, жас ғалымдар жүргізетін ғылыми зерттеулердің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру және қолдау;
  • Университеттегі ғылыми мектептердің сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • Ғылыми және білім беру ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды үйлестіру;
  • Жас ғалымдардың ғылыми жобаларды жүзеге асыруына жәрдемдесу.

КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ

  • Жас ғалымдар мен мамандар арасында ақпарат алмасу жүйесін қалыптастыру: ғылыми ақпарат көздері, гранттар, қорлар, қолдау бағдарламалары, конференциялар, ғылыми мектептер мен семинарлар туралы ақпарат тарату;
  • Жас ғалымдардың конференцияларын, семинарларын, жетекші ғалымдардың дәрістерін ұйымдастыруға және өткізуге ықпал ету;
  • Университеттегі жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық жобаларын және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың өзге де түрлерін дамытуға ықпал ету;
  • Басқа жоғары оқу орындарының және ғылыми ұйымдардың жас ғалымдар кеңестерімен байланыс орнату және кеңейту;
  • Университеттегі тарихи дәстүрлерді сақтау және жаңаларын қалыптастыруға ықпал ету;
  • Қымбат зертханалық құрал-жабдықтарды қолдануға қол жеткізуге жәрдемдесу және заманауи жабдықтармен жұмыс істеу әдістерін үйретуді ұйымдастыру.
Ғылым