Minor «Стол ойындарын оқытудың әдістемелері»

Стол ойындары туралы жалпы мәліметтер, шығу тарихтарына тоқталып,  шахмат ойынының ерекшеліктерін ашады. Шахмат ойынының ойнау техникасын, тактикаларын және ережелерін үйретеді. Комбинацияларды қағазға түсіру, жарыс хаттамаларын жүргізу, төрешілік жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін оқытады. 

 

Мақсаты

Қалыптасатын негізгі құзіреттер

Оқыту нәтижелері

Стол ойындары арқылы ақыл ойы дамыған, дені сау, ұлтшыл, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Білім алушының  ойлау қабілетін арттыра отырып, ақыл-ой санасын дамытуды көздейді. Дене тәрбиесі және спортқа  деген көзқарасын жағымды қалыптастыра отырып, салауатты өмірге баулиды. Өнер, ғылым және спорт элементтерін біріктіреді

 

 

  • Шахмат ойынының жаттықтырушысы;
  • Шахмат ойынынан төреші;
  • Шахмат ойынын ұйымдастырушы-менеджер.

 

 

 

  • Стол ойындарының ерекшеліктерін біледі, ойнау техникалары мен тактикаларын игерген;
  • Екі жақты ойындарға төрешілік жасай алады, ережелерін толық біледі; 
  • Барлық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыра алады, құжаттарын толық жасайды.

 

 

 

Minor курстары

Сипаттамасы

  1.  

Шахмат ойынының оқытудың ерекшеліктері

 Курс стол ойындарының өзіне тән ерекшеліктерін, шығу тарихтары мен қазіргі таңдағы даму деңгейін талдайды,  шахмат, шашки, тоғыз құмалақ  ойындарының техникалық және тактикалық әрекеттерін ұйымдастырудың жолдарын қарастырады, ойын ережелеріне тоқталып, екі жақты ойынды ұйымдастыруды игереді. Білім алушының  ойлау қабілетін арттыра отырып, ақыл-ой санасын дамытуды көздейді. Дене тәрбиесі және спортқа  деген көзқарасын жағымды қалыптастыра отырып, салауатты өмірге баулиды.

       2.

Шахмат ойынын оқыту әдістемесі

Курс шахмат  ойынының техникалық және тактикалық әрекеттерін  ұйымдастырудың тиімді  жолдарын жетілдіреді, ойын ережелеріне толық игереді, ойын барысындағы күрделі комбинацияларды талдап, ұтымды жолдарынн анықтайды, ұйымдастырылған комбинацияларды қағаз бетіне түсіріп, талдай  алады. Төрешілік қызметін игерген, екі жақты ойынды талапқа сай  ұйымдастырады. Дене тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік маңызын түсінген, дені сау қоғам мүшелерін қалыптастыруға еңбек етеді.

       3.

Шахмат ойынынан жарыс ұйымдастыру

 Курс шахмат ойынының техникалық, тактикалық әрекеттерін тереңдете жетілдіреді, екі жақты ойындырды әр деңгейдегі жарыстарда ұйымдастырып, төрешілік қызметін атқарады,  ойын ережелерін толық игерген. Өмір бойы білім алу, ақыл ой қажеттілігін және өз білімі мен дағдыларын сыни бағалау қабілеттерін байланыстырады  және дене тәрбиелеу және спорттық дайындық үрдісімен жүйелі шұғылдануға мотивациялық-құндылық қатынастарын қалыптастырады.

Білім беру