«Agro әлем» студенттік ғылыми үйірмесі
Ғылыми үйірменінің мақсаты мен міндеттері:
Ғылыми жұмыстың барлық кезеңдерінде ғылыми –зерттеу жұмысының әдіснамасы мен ұйымдастырылуы туралы түсінік алу. Жүйелі және жан-жақты және тұтас көзқарасты, логикалық қорытындыларды талдау және синтездеу әдістерін қолдануды, ғылыми білімді жалпылауды үйрету. Ғылыми міндеттерді шешу және дамыту кезінде дербестікті қалыптастыру, өсімдік шаруашылығы саласындағы зерттеулердің нәтижелері бойынша конференцияларға, БАҚ-қа,жарияланымдарға қатысу жолымен көпшілік алдында сөйлей білу.
Ғылыми үйірменің негізгі міндеттері:
1. ғылыми конференцияларға, үздік ғылыми жұмыстар конкурстарына, ғылыми семинарларға белсенді қатысуды қамтамасыз ету;
2. ғылыми шығармашылыққа, оқыту әдістері мен өсімдік шаруашылығы саласындағы ғылыми мәселелерді өз бетінше шешу әдістеріне қызығушылықты қалыптастыру; дербес ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми мәселелерді әзірлеу;
3. білім алушыларды ғылыми қызметтің нәтижелерін тұжырымдау дағдыларын қалыптастыру: ғылыми мақала, ғылыми жоба, ғылыми жұмыс;
4. ғылыми жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бойынша тәжірибе алмасу;
5.ішкі ұйымшылдықты арттыру, оқу процесінде алған білімдерін тереңдету және бекіту;
6. қабілетті, белсенді және табысты студенттер қатарынан ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар резервін дайындау.