AP23486449 «Сақтау мерзімі ұзартылған екіншілік сүт шикізатынан ұлттық сүт қышқылды «Құрт» өнімін өндірудегі тағам қауіпсіздігі»..к., қауымдастырылған профессор
Жоба жетекшісі: Қалибекқызы Жанар, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор
Өзектілігі:
Сүт қышқылды өнімдер, әсіресе ұлттық тағамдар, денсаулыққа пайдалы қасиеттерімен танымал және ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Екіншілік сүт шикізатынан өнімдер әзірлеу тұтас сүт өнімдерімен салыстырғанда айтарлықтай перспективаларға ие. Соңғы жылдары тағам өнеркәсібінде шикізатты тиімді пайдалану және қалдықсыз өндіріс әдістерін енгізу маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Осы тұрғыда екіншілік сүт шикізаты (сарысу, пахта, майсыз сүт) ерекше назар аударады. Бұл шикізатты өңдеу арқылы құрт сияқты пайдалы, әрі ұзақ сақталатын өнім алу — экономикалық тұрғыдан тиімді шешім ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәселені шешудің жолы.
Екіншілік шикізатты қайта өңдеу өнімдердің ассортиментін едәуір кеңейтеді, оларды биоактивті заттармен, аминқышқылдарымен және минералдармен байытады. Мұндай өнімдер дұрыс тамақтануға бағытталған тұтынушылар арасында сұранысқа ие болады. Екіншілік өнімдерді қайта өңдеу тұтас сүтке тәуелділікті азайтуға және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік береді, бұл шикізат нарықтарының тұрақсыздығы мен сүт шикізатының өсіп келе жатқан шығындарының маңызды факторы болып табылады.Екіншілік сүт шикізатынан құрт өндірісін дамыту және оны тағам қауіпсіздігі талаптарына сәйкес ұйымдастыру қазіргі таңдағы өзекті ғылыми және өндірістік міндеттердің бірі болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы ұлттық тағамдар мәдениетін сақтаумен қатар, заманауи технологияларды қолдану арқылы халыққа сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді.
Мақсаты:
Азық-түлік қауіпсіздігін сақтай отырып, максималды сақтау мерзімін қамтамасыз ететін екіншілік сүт шикізатынан ұлттық сүт қышқылды «Құрт» өнімін өндірудегі оңтайлы жағдайларын зерттеу және перспективалы қалдықсыз технологиясын әзірлеу.
Күтілетін нәтиже:
Тамақ өнеркәсібінде қауіпсіз, заманауи технологияларды құрудың жаңа теориялық негіздерін әзірлеу жоспарлануда. Екіншілік сүт шикізатының негізінде әзірленген сүт қышқылды «Құрт» өнімінің рецептурасы мен технологиясы жасалады.
Осы жобаның материалдары бойынша Science Citation Index Expanded индекстелетін және Web of Science базасында импакт-фактор квартилі 1 (бірінші) және (не) 2 (екінші) кіретін және (немесе) CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 (алпыс бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жарияланатын
болады.
ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланатын болады.
Екіншілік сүт шикізаты негізінде әзірленген ұлттық сүт қышқылды «Құрт» өнімінің жаңа түріне сәйкес нормативті-техникалық құжаттама әзірленеді.
Қол жеткізілген нәтиже:
-