BR24992940 «Селекцияның тиімді әдістерін әзірлеу мен ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу негізінде Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарында өнімділігі жоғары қой популяцияларын құру».
Жоба жетекшісі: Бурамбаева Надежда Бакаевна, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор.
Өзектілігі:
Ғылыми-техникалық бағдарламаның басты идеясы - отандық қой шаруашылығының генетикалық әлеуетін ұтымды пайдалану үшін құйрықты ұяң және қылшық жүнді саулықтарды етті меринос, қазақтың етті-жүнді және суффольк тұқымды аталық қошқарларымен будандастыру арқылы еттілік сапасы жоғары, тез жетілгіш, сонымен қатар Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан 10 шаруа қожалықтарының жергілікті жағдайларына жақсы бейімделген етті-жүнді қойлардың жаңа типін шығару, сондай-ақ бейімдеу селекциясының маркерлерін анықтау мен жайылымдық жерлерді барынша пайдалана отырып өнім өндірудің ресурс үнемдейтін технологиясын әзірлеуді көздейді. Бүгінгі таңда шығыс түрін құру кезінде етті-майлы тұқымды қойларды отандық селекцияның етті-жүнді қошқарларымен шағылыстырудың оңтайлы нұсқаларын анықтау және қозы еттін өндіру үшін өнеркәсіптік будандастыру сызбасын әзірлеу өзекті мәселе болып табылады.
Мақсаты:
Етті - жүнді қойлардың еттілік қасиеті жоғары, тез жетілгіш және жергілікті жағдайларға тез бейімделетін жаңа тұқымішілік типін шығару, сондай-ақ, бейімделген қой селекциясының маркерлеріне ғылыми негіздеме беру, кез келген жайылымды барынша пайдалана отырып, қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің ресурс үнемдейтін технологиясын әзірлеу.
Күтілетін нәтиже:
- Қазақстанның солтүстік-шығысында өсірілетін барлық тұқымды қойлардың ет көрсеткіштері зерттелетін болады;
- Жергілікті саулықтарды етті-жүнді аталық қошқарлармен өнеркәсіптік будандастырудың неғұрлым тиімді нұсқалары әзірленетін болады;
- Тірі салмағы жоғары, сондай-ақ сойыс көрсеткіштері мен еттілік сапасы жүн өнімділігімен оңтайлы үйлесетін көрнекті аталық қошқарлар анықталады.
- Малды өз өнімділігі, конституциялық және экстерьерлік ерекшеліктері бойынша бағалау жүргізіледі, селекциялық топқа үздік дараларды сұрыптау жүзеге асырылады;
- Қой шаруашылығының нақты жағдайы зерттеліп, қой өнімділігін арттыру жолдары әзірленетін болады;
- Қойлардың жаңа типін өсіру мен оларды одан әрі қарай будандастыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.
- бағдарламаның ғылыми бағыты бойынша Web of Science деректер базасында импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін және (немесе) Citescore Scopus дерекқорында кемінде 50 (елу) процентиль бойыша рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 9 (тоғыз) мақала және (немесе) шолулар;
- ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда кемінде 10 (он) мақала;
- өтініш беруші ұйымның Ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда кемінде 1 (бір) монография немесе оқу құралдары;
- шетелдік патенттік бюроларда (еуропалық, американдық, жапондық) кемінде 2 (екі) патент немесе шетелдік немесе халықаралық Derwent Innovations Index (Web of Science, Clarivate Analytics) дерекқорына енгізілген кемінде 2 (екі) патент, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 5 (бес) зияткерлік меншік объектісі (патент; ақпараттық технологиялар саласындағы өтінімдер үшін - авторлық куәлік).
Қол жеткізілген нәтиже:
-