BR24992981 «Алакөлдің табиғи, тарихи-мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді талдау және рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу»

Жоба жетекшісі: Кішкенбаева Жұлдызай Қалыбекқызы, Ph.D


Өзектілігі:

ХХІ ғасырдағы жаһандық клиамттық өзгеріс адам баласының мінез-құлқымен бірге құндылықтарына, тіпті өмір сүру салтына да әсер етуде, жалпы бұл мәдениеттің дағдарысына әкеп соқтыруда. Осыған байланысты жалпы ғаламда орнықты дамуға қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегияны әзірлеудің қажеттілігі туындауда.

Осы дағдарысты еңсеру үшін ғылыми-академиялық қауымдастық пен саясаттанушылардың мен экономистер мен бизнес өкілдерінің бірлесуі өте маңызды.

Себебі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және мәдени аспектілердің өзара байланысын біртұтас бірлікте қарастырғанда ғана орнықтыру тұжырымдамасы сындарлы сипатқа ие екенін түсіну өте маңызды. Өйткені мәдениет экологиялық тұрақты экономикаға қол жеткізудегі негізгі құрал.

Осы Бағдарлама Алакөлдің табиғи, тарихи, мәдени ландшафтық әлеуетін синергетикалық парадигмалар аясында кешенді зерттеу арқылы өңірде рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін мен рекреациялық ресурстарды сақтау және қорғаудың алгоритмдерін әзірлеуге және оны қолданысқа енгізуге бағытталған.


Мақсаты:

Алакөл алабының табиғи, тарихи, мәдени ландшафтық әлеуетін кешенді-салыстырмалы талдау, өңірде рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу және оны практикаға енгізу


Күтілетін нәтиже:

- ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 8 (сегіз) мақала (2025 жылы – 6 мақала, 2026 жылы – 2 мақала);

- Web of Science деректер базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдардағы кемінде 6 (алты) мақала және (немесе) шолу ( Бағдарламаның барлық кезеңінде);
- өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда кемінде 1 (бір) монография немесе оқу құралы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 1 (бір) патент немесе 2 (екі) авторлық куәлік;
- Абай өңірінде креативті туризмді дамытудың жаңа модельдері;
- Абай өңірінде, жалпы Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар туристерге қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша бірыңғай модель;
- табиғи рекреациялық ресурстарды пайдалану, сақтау және қорғау бойынша шетелдік тәжірбилердің озық үлгілерін қазақстандық практикаға енгізудің алгоритмдері;
- табиғи рекреациялық ресурстарды мега (халықаралық), макро (мемлекеттік), микро (өңірлік) деңгейлерде сақтау мен қорғауды реттеудің жаңа тетіктері;
- Барлық-Арасан шипажайының бальнеологиялық ресурстарын қорғау мен кешенді пайдалануды ұйымдастыру бойынша аналитикалық ұсыныстар;
- Алакөл бассейнінің туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ Қазақстанның жекелеген рекреациялық өңірлерінде туристік саланы дамыту бойынша әлеуметтік-танымдық кейстер
- Абай өңірінде креативті туризмді дамытудың жаңа модельдері әзірленеді;
- Абай өңірінде, жалпы Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар туристерге қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша бірыңғай моделі;
- Алакөл алабының табиғи рекреациялық ресурстарын ұтымды пайдаланудың аймақтық жүйесі;
- Барлық-Арасан шипажайының бальнеотерапиялық және пелоидотерапиялық әлеуетін жетілдіру бойынша ұсыныстар;
- Барлық-Арасан шипажайының бальнеологиялық ресурстарын қорғау мен кешенді пайдалануды ұйымдастыру бойынша аналитикалық ұсыныстар;
- табиғи рекреациялық ресурстарды пайдалану, сақтау және қорғау бойынша шетелдік тәжірбилерге озық үлгілерін қазақстандық практикаға енгізудің алгоритмдері;
- табиғи рекреациялық ресурстарды мега (халықаралық), макро (мемлекеттік), микро (өңірлік) деңгейлерде сақтау мен қорғауды реттеудің жаңа тетіктері мен оны қазақстандық тәжірбиеге енгізудің моделі;
- Абай өңірінің Алакөл аймағында жалпы туризмді, оның ішінде (рекреациялық туризмді) қалыптастырудың әр түрлі бағдарламаларын іске асырудың экономикалық-математикалық модельдері;
- Абай өңірінде тарихи-мәдени, этнографиялық, этногастрономдық, курорттық, креативті туризмнің әлеуетін көтеру және дамыту бойынша жол картасы;


Қол жеткізілген нәтиже:

-