Бухгалтерлік есеп және жоспарлау
бөлімінің негізгі міндеттері жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау болып
табылады:
-
Тиісті оқу жылына
университеттің кірістері мен шығындарын жыл сайын жоспарлау, университеттің
жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу.
-
Жыл сайын
университеттің әкімшілік - басқару персаналы, оқу-көмекші және қызмет көрсету
персоналдарының штаттық кестесін құру, тиісті оқу жылына профессор - оқытушы құрамының
тарификациялық тізімін құру.
-
Студенттерге,
магистранттарға және докторанттарға оқу үлгеріміне сәйкес шәкірақы есептеу және
төлеу.
-
Университеттің
республика бюджетінен бөлінетін еңбек және ақшалай қаражаттың, сондай-ақ
бюджеттен тыс қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
-
Ақылы негізде оқитын білім алушылардың оқу ақысы төлемнің
уақтылы түсуін есепке алу.
-
Бекітілген
нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы
ресурстарын пайдалануға, мүліктің болуына және қозғалысына бақылауды қамтамасыз
ету.
-
Университеттің
бухгалтерлік есеп стандарттарымен регламенттелген активтер, меншікті капитал,
міндеттемелер, кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және
жинақтау.
-
Нормативтік
құжаттарға сәйкес салықтық және статистикалық есепті жүргізу және бухгалтерлік
есепті белгіленген мерзімде жоғары тұрған тиісті органдарға ұсыну.