Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында өтіп жатқан «Зейіні тұрақсыз балаларды түзете-дамытудың әдіс-тәсілдері» оқыту семинары жалғасуда. «Балалар психологиясы: сенсомоторлы даму және психотерапия» тақырыбындағы кезекті семинарды Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті психология ғылымдарының кандидаты Турсунгожина Гульнар Сайлаухановна өткізді.
Семинарға білім беру интегративті модельдерін іске асырушы мамандар, білім беру мекемелерінде түзету-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары қатысуда.
Семинар барысында рефлексиялық оқыту дәрістері, тренингтер, психологиялық практикалық жаттығулар мен ойындар өткізілді. Семинар офлайн және онлайн форматта өтті.