26 сәуір 2022

«Күміс университеттегі» цифрлық сауаттылық курсы

        

 

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры, сондықтан барлық адамдардың жас ерекшелігіне қарамай, цифрлық тұрғыдан сауатты болуы маңызды.  

Осыған орай,  Шәкәрім университетінің  Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының жобасы «Күміс университетте» зейнет жасындағы адамдарға арналған цифрлық сауаттылық курстары жүзеге асуда. Оның басты мақсаты – егде жастағы тыңдаушыларға Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді қолдануды, Egov порталынан құжаттарды онлайн алуды т.б. үйрету арқылы цифрлық сауаттылықтарын жетілдіру, қолдау көрсету.

Алғашқы сабақтарда тыңдаушылар әлеуметтік желіде хат алмасу, фото мен видеоны жүктеу жолдарын меңгерді. Тыңдаушыларымыздың білімге, жаңашылдыққа деген ынтасы өте жоғары. Аз уақыттың ішінде цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіріп, еш қиындықсыз ғаламтор әлемін бағындыратындарына сеніміміз мол.  

Курс дәстүрлі форматта өтеді.

Цифрлық сауаттылық курсын  Шәкәрім университетінің  Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының маманы, «Шет тілдері» ББ магистранты Аменгелдина Айгерім Нұрланбекқызы өткізеді.