22 тамыз 2022

ПОҚ-қа арналған Жазғы мектеп жұмысы басталды

Шәкәрім университетінде Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына дайындық, профессор-оқытушылар құрамына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Кәсіби құзыреттілікті жетілдіру» тақырыбында Жазғы мектеп-2022 жұмысы басталды.
Апталық жұмысы 2022 жылдың 22-27 тамыз аралығында екі бағыт бойынша жүргізіледі:

1. 22.08-26.08.2022 уақыт аралығында ВАФ, ИТФ және қаржы-экономика кафедрасынан барлығы 25 оқытушы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институтының» «Оқытудың белсенді әдістері ЖОО оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту шарты ретінде» тақырыбында офлайн режимде өткізетін 40 сағаттық біліктілікті арттыру курстарына қатысады.
➢ Курстың куратор-тренері: Нуркенова Сайран Ескендіровна – «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ШҚО бойынша БАИ әдіскері.
➢ Курстың бірінші күнінде тыңдаушылар «Жоғары мектепте оқытудың белсенді әдістерін енгізудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбындағы семинар-тренингке белсене қатысты.
 
2. 25.08-27.08.2022 уақыт аралығында университеттің барлық оқытушылары үшін біліктілікті арттырудың қарқынды курстары негізгі алты бағыт бойынша жүргізілетін болады. Форматы: семинар, мастер-класс, тренингтер, тақырыптық циклдар т.б.