16 қыркүйек 2022

Күміс университеттегі IT курсы жалғасуда

Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының «Күміс университет» тыңдаушылары заман талабына сай ғаламтор әлемін бағындыруға, медиа ресурстарды сауатты пайдалануға, яғни цифрлық сауаттылықтарын жетілдіруге ұмтылуда.

Өткен оқу жылында тыңдаушылар телефон, компьютер арқылы Facebook,  Instagram,  Whatsapp сияқты әлеуметтік желілерді қолдануды,  электронды порталдар арқылы құжаттарды онлайн алу жолдарын меңгерсе, жаңа оқу жылының басында электрондық пошта арқылы хат алмасу, фото мен құжаттарды жүктеу жолдарын үйренуде.

Сондай-ақ тыңдаушылар Word, PowerPoint форматтарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіретін болады.  

Цифрлық сауаттылық курсын Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының маманы Амангелдина Айгерім Нұрланбекқызы аптасына екі рет, тегін, офлайн өткізеді.

Уақыт талабына сай болуға ұмтылған
тыңдаушыларымызға әрдайым қолдау көрсетуге және жаңа тыңдаушылар қабылдауға дайынбыз.