10 қаңтар 2023

Педагогикалық қайта даярлау курстарына шақырады

«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы педагогикалық білімі жоқ, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін адамдар үшін 15 білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық қайта даярлау курстарын өткізеді.

Құжаттарды қабылдау: 20.06. – 18.08.2023 ж.
Курсқа түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) ЖОО басшысының атына өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) 075-У нысанындағы медициналық анықтама,
4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
5) білімі туралы құжаттың қосымшаларымен көшірмесі
Құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен бірге салыстыру үшін хатшыға ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар қайтарылады.
 
Арнайы емтихан тапсыру: 23-25.08.2023 ж.
Арнайы емтихан педагогикалық білім беру бағдарламаларына түсетін тұлғалар үшін кәсіби жарамдылығын анықтау мақсатында өткізіледі. Емтихан онлайн және офлайн форматта, ауызша түрде өткізіледі.
 
Оқу мерзімі: 6 ай, 4.09.2023 ж. - 2.03.2024 ж. уақыт аралығы
Білім беру процесі 45 кредиттен тұрады:
1. Теориялық оқыту (15 апта, 33 кредит, онлайн)
2. Педагогикалық практика (10 апта, 10 кредит, офлайн)
3. Қорытынды аттестаттау (1 апта, 2 кредит, офлайн)
 
Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз!