Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы «Мамандыққа бүйірлік кіру» жобасы аясында 2021 жылдың 24 қыркүйекте Шәкәрім университетінде педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын іске асыруға арналған форсайт-сессия форматында іс-шара өткізді.
Іс-шараға Семей қаласының білім беру бөлімінің, Кәсіптік оқыту бөлімінің басшылары Н.А. Фесенко, Е.Қ. Құдайбергенов; университет оқытушылары, қызметкерлері мен білім алушылары, сондай-ақ қала мен облыстың жалпы білім беретін оқу мекемелерінің директорлары мен педагогтары қатысты.
Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. «Педагогикалық кадрларды қайта даярлау: мәселелері мен болашағы» - Оралканова И.А., Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор;
2. «Шәкәрім атындағы университетте «Мамандыққа бүйірлік кіру» жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын педагогикалық қайта даярлау бағдарламасын іске асыру туралы» - Сатиева Ш.С., Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы;
3. «Қайта даярлау курсы - мектептегі сапаны көтерудің тетігі ретінде» - Тлемисов Ұ.Б., Білім беру үрдісін ұйымдастыру департаментінің директоры;
4. «Қайта даярлау курстарын насихаттау» - Мүрсәлімов Т.К., Қабылдау комиссиясы және кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы;
5. ««Математика» білім беру бағдарламасы бойынша қайта даярлау курсының маңызы» - Сагитова Ш.Г., Физика-математика ғылымдары және информатика оқу кафедрасының аға оқытушысы, ОП «Математика» ББ менеджері.
Шәкәрім университетінің Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдіреді.