16 мамыр 2025

Тренинг "Эмоционалды интеллект:өзіңді және өзгелерді тану"

Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен №2 жатақхана студенттеріне
«Эмоционалды интеллект: өзіңді және өзгелерді тану»
тақырыбында тренинг өткізілді. Маман Сағындыкова Қ.А. жүргізді.

Тренинг барысында студенттер эмоционалды интеллект ұғымымен танысып, өз эмоцияларын тану, басқару және өзгелермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар орындады.

Шара соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті:

✨ 1. Эмоционалды интеллект бойынша пайдалы және қызықты тренинг үшін алғыс айтамыз! Көп нәрсе үйрендік!

✨ 2. Өзімізді түсінуге, эмоцияларымызды басқаруға үйреткеніңіз үшін рахмет!

✨ 3. Бұл тренинг бізге жаңа көзқарас пен пайдалы дағдылар сыйлады. Үлкен алғыс білдіреміз!

✨ 4. Уақытыңыз бен бөліскен біліміңіз үшін шын жүректен рақмет! Болашақта көп көмегі тиетініне сенімдіміз.

✨ 5. Эмоцияларды басқару, өзімізді тану жолында маңызды қадам жасадық.