19 мамыр 2025

«Өмірің – сенің сценариің!» атты тренинг

Shakarim University   Психологиялық қолдау қызметінің жетекшісі, профессор Ш.Сатиева ұйымдастырған «Өмірің – сенің сценариің!» атты  тренинг – әр студенттің өмірлік жолына үңілуге, өткенін қабылдап, қазіргі қуатын сезініп, болашағын сеніммен жоспарлауға арналған креативті алаң болды.

🎨 Тренинг барысында: «OH» метафоралық карталары арқылы ішкі ресурстар ашылды; «Менің өткенім – қазіргі сәтім – болашағым» атты символдық жаттығу жүргізілді. Шынайы эмоциялар мен бірлік атмосферасы орнады.

📌 Бұл кездесу – әр білім алушыға өз өмірінің авторы болу мүмкіндігін сыйлады