Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қазан айының 18-22-і аралығында ұйымдастырған “Педагогикалық өлшеулер әдістемесінің негіздері” бойынша білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинарынан алған тәжірибемізбен бүгін кафедра оқытушыларымен бөлісу мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында тест тапсырмалары базасын әзірлеу, тест құрастыру талаптары мен әдістемесі, мәтін бойынша тест құрастыру сияқты мәселелер талданды.