Дәрібаев Бейімбет Серікұлы

Байланыс

b.daribayev@shakarim.kz
Қабылдау кестесі :
Бс.-Жм. 15:00 - 17:00

БАСҚАРМА МҮШЕСІ - АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР

Білімі

    • 2005-2009 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті, мамандығы: «6B060200 – Информатика» (бакалавр).
    • 2009-2011 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті, мамандығы: «6M060200 – Информатика» (магистр).
    • 2011-2014 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті, мамандығы: «6D060200 – Информатика» (PhD).
    • 2023-2024 жж. – «500 ғалым» бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми тағылымдама («Болашақ» стипендиясы), King's College London, Лондон, Ұлыбритания.


Еңбек белсенділігі

    • 01.09.2009 жылдан бастап – Математика және механика ғылыми-зерттеу институты, инженер-программист, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, компьютерлік ғылымдар зертханасының аға ғылыми қызметкері.
    • 09.01.2011 жылдан бастап – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, механика-математика факультеті, информатика кафедрасы – оқытушы ассистенті, оқытушы, аға оқытушы, доцент.
    • 2019-2020 жж. – компьютерлік ғылымдар зертханасының меңгерушісі.
    • 01.09.2020-31.08.2021 – Халықаралық бизнес университеті (UIB) Бизнес информатика кафедрасының меңгерушісі.
    • 01.09.2021-03.02.2025 – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ компьютерлік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі.


Марапаттар

    • 2019 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері.
    • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 2020 жылғы үздік жас ғалымы.
    • 2022 жылғы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері.

Патенттер мен ғылыми еңбектер:

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім комитеті ұсынған басылымдарда Scopus және Web of Science деректер қорында индекстелген 50-ден астам ғылыми жарияланымдар. Scopus бойынша H-индекс: 5.