Шәкәрім университетінің баспасөз қызметі11 шілде 2024ташкент

Абай облысының ауыл шаруашылығы саласының дамуы: Шәкәрім университетінің және халықаралық серіктестердің рөлі

 

* 2024 жылдың 9-12 шілдесі аралығында Өзбекстан астанасында ауылшаруашылық білім беру және Жібек жолын зерттеу саласындағы ынтымақтастықтың IX форумы және ауылшаруашылық біліміндегі инновациялар және Жібек жолы зерттеулері альянсының жыл сайынғы конференциясы өтті.

* Форум Альянсқа мүше елдердің ғылыми және білім беру ұйымдары арасында аграрлық ғылым мен білімді дамыту саласындағы идеялар мен инновациялық тәжірибелермен алмасу алаңы ретінде қызмет етуге арналған.

* Форумға 18 елден Альянсқа мүше университеттердің 140-тан астам өкілі қатысты. 

Ғылым мен білімнің дамуына қатысты түрлі мәселелер бойынша баяндамаларын ұсынылған болатын.
Шәкәрім университетінің басқарма мүшесі-проректор Жанар Қалибекқызы еліміздің шығыс өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының дамуы туралы баяндама жасады.

* Форум аясында Шәкәрім университеті бірқатар келісімдерге қол қойды:
⎯ Шәкәрім университеті, Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті (ҚХР) және HETU Trading Company (ҚХР) арасындағы негіздемелік келісім;
⎯ Шәкәрім атындағы жоғары колледжі мен Янлинг кәсіптік-техникалық колледжі (ҚХР) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
⎯ Шәкәрім университеті мен Самарқанд мемлекеттік ветеринария, мал шаруашылығы және биотехнология университетінің Нөкіс филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум (Өзбекстан, Қарақалпақстан).

*Бірнеше сәтті келісімшарттардан соң, Шәкәрім университетінің осындай ауқымды халықаралық форумға қатысуы өңірімізде ауыл шаруашылығы ғылымы мен білімін дамытуға шексіз мүмкіндіктер ашқанын сеніммен айта аламыз!